Өңірде эпизоотиялық ахуал тұрақты
Бүгінде өңірде 2,5 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жануары тіркелген. Оның ішінде 692 мыңнан астамы - ірі қара, 1,3 миллионнан астамы - ұсақ мал, 445 мыңнан астамы - қамбар ата тұқымы жылқы малы. Жыл басынан бері жануарларды аса қауіпті 12 ауруға қарсы шанышқан. 9 миллионнан астам мал екпе алды. Биыл облыста аса қауіпті аурулардың 5 ошағы тіркелген. Қазіргі таңда оның 4-еуі толық жойылып, бір ошақта сауықтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 4,7 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қаражатқа 3 ветеринариялық нысан, 107 пункт және 57 мал қорымын салу жоспарланған. Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.Количество показов: 14
Дата создания: 17.09.2026 09:24:25



















