Құрылыс саласына қатысты жаңа талаптар талқыланды
Құрылыс кодексі аталған саладағы талаптар мен рәсімдерді реттейді. Осыған байланысты қаламызда оның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, төтенше жағдайлар департаментінің және еңбекті қорғау саласының өкілдері, сондай-ақ жобалау және авторлық қадағалау ұйымдарының мамандары қатысты. Кездесуде жаңа кодекстің құрылыс саласына қатысты негізгі нормалары түсіндіріліп, сала өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді. Мұндай талқылаулар жаңа талаптарды мамандарға түсіндіруге және оларды іс жүзінде дұрыс қолдануға бағытталған. Шара барысында құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру жөнінде сөз қозғалды. Жаңа құрылыс кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Мамандардың айтуынша, негізгі мақсат құрылыс саласындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту.Количество показов: 25
Дата создания: 19.09.2026 09:54:22



















