Өңірде мүгедектігі бар азаматтарға жаңа пилоттық жоба енгізілді
Өңірде оңалтудың техникалық құралдарының қайтарымды моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бүгін қаламызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің оңалтудың техникалық құралдарының қайтарымды моделін енгізу жөніндегі пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылды. 1 шілдеден басталатын пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде сервистік модель кресло-арбалардың барлық түрі мен жүріп-тұруға арналған құрылғыларды қамтиды. Бұл бағыт бойынша қажетті инфрақұрылым дайындалып, техник-мамандар арнайы оқытудан өтті. Пилоттық жоба оңалтудың техникалық құралдарын қайтарғаннан кейін оларды қайта пайдаланудың, техникалық жай-күйін бағалаудың, санитарлық өңдеу мен қалпына келтірудің заманауи жүйесін енгізуге бағытталған. Осы модельді іске асыру мүгедек азаматтар үшін көмекті қолжетімділікті арттыруға, қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мерзімдерін қысқартуға және мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін азаматтар оңалтудың техникалық құралдары істен шыққан жағдайда немесе құрал бойынша техникалық мәселе туындаса, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының филиалына жүгіне алады. Мұнда техник-мамандар мен реабилитологтар техникалық сараптама жүргізіп, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады. Жөндеу кезеңінде азаматтың оңалту процесі үзілмеуі үшін айырбастау қорынан уақытша жарамды құрал беріледі. Егер құралды қалпына келтіру мүмкін болмаса, ол есептен шығарылып, мүгедектігі бар жан жаңа ОТҚ берілгенге дейін уақытша құралмен қамтамасыз етіледі. Жобаны іске қосу Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудегі және бюджет қаражатының сапасына, қолжетімділігіне және ұтымды пайдаланылуына бағдарланған оңалтудың техникалық құралдарын берудің орнықты тетіктерін дамытудағы маңызды қадам болады деп атап өтті ұйымдастырушылар.Количество показов: 10
Дата создания: 02.07.2026 08:02:09



















