Өңірде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлар саны - 2 миллион 317 мың
Бүгінгі таңда өңірде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлар саны - 2 миллион 317 мың. Оның ішінде ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, түйе және шошқа бар. Ірі қара мен жылқыға чип орнатылып, кейбір жылқылар GPS құрылғылармен жабдықталған. Эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 141 елді мекенде малды вакциянациялауға арналған арнайы қоршаулар орнатылған. Ал құжатсыз мал тасымалданған азаматтар мен ұйымдарға 8,9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді. Қаңғыбас жануарлар мәселесі де назардан тыс қалмады. 2025 жылдан бері қала бойынша 18 720 бас ит пен 500 бас мысық ауланды. 3 200 бас қаңғыбас жануарға екпе салынып, бұрынғы мекендеу ортасына қайтарылған. Мал қорымдарын күтіп-ұстауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, дейді басшы. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында модульді ветеринарлық пункттер мен автокөліктер сатып алынып, аудандық ветеринариялық мекемелерге берілген.Количество показов: 48
Дата создания: 16.01.2026 04:44:10



















