Ақтөбе көшелерімен жаңа жылдық автошеру өтті
Шаһарда мерекелік безендірілген көліктерден құралған керуен қала көшелерімен жүріп өтті. Керуен құрамында Аяз ата мен Ақшақар, сондай-ақ Жылқы жылының символы ретінде жылқы бейнесімен қала орталықтарына шығып, тұрғындарға жылы лебізін білдіріп, жаңа жылдық қуаныш сыйлады. Шара барысында қала тұрғындары керуенді ерекше ықыласпен қарсы алды.Балалар үшін Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі нағыз ертегі әлеміндегідей әсер қалдырды. Аяз ата қала тұрғындарына өзінің арнайы құттықтауын жолдады.
Жаңа жылдық керуен тұрғындарға көтеріңкі көңі-күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - тұрғындарға мерекелік сезім сыйлау және жаңа жыл қарсаңында бірлік пен ізгі ниетті дәріптеу.
Гүлден ЕРМҰХАМБЕТОВ, қалалық мәдениет үйінің директоры:
" қалалық мәдениет үйі құттықтау керуенін ұйымдастырды. Мақсаты - көңіл-күйді көтеру, тұрығндарды Жаңа жылмен құттықтау. Аялдама ретінде арнайы қаладағы әдемі сауда үйлерін таңдадық. Бізді маңызды аялдама Керуен ситиде 12 жыл айы күтеді. Онда барлық жыл өкілдері болады. Тұрғындарды жаңа жылдарымен құттықтаймын. Жыл шығармашылыққа толы, еліміз тыныш болсын. "
Ақтөбеліктер жаңа жылды шаттыққа толы мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, бір-біріне жылы тілектерін айтты. Барлығыңызға амандық, молшылық тілейміз, жаңа 2026 жыл құтты болсын!
Количество показов: 54
Дата создания: 05.01.2026 06:56:16



















