Абайлаңыз, сүңгілер!
Күннің жылынуына байланысты шатырлар мен көпқабатты үйлердің төбесінде мұз сүңгілері пайда болды. Бұл жағдайда абайсызда құлаған мұз кесегі ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Әсіресе, жаяу жүргіншілер мен балалар үшін қауіп жоғары. Ал, үйлер, ғимараттар мен құрылыс нысандарының төбелерінен төнген сүңгілер мен мұзды кесектерді алуға кім жауапты? Қыстың аяқталуына жарты ай қалса да күн жылынып, қар еріп жатыр. Ерте келген жылымық қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларында жиналған мұз еріп, ірі сүңгілерге айналған. Олар кез келген уақытта үзіліп түсуі мүмкін. Төбеден құлаған мұз ауыр жарақатқа себеп болуы ықтимал. Әсіресе, кіреберістер мен жаяу жүргіншілер маңында қауіп жоғары. Тұрғындардың сөзінше, мұзды өздігінен тазалау мүмкін емес. Астана ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, әр үйде жауапты жеке пәтер иелері кооперативі бар. Олар төбеден төнген мұз сүңгілерін алып тастауға міндетті. Шенділер жеке ғимараттар мен түрлі кәсіп иелері де өз нысандарының төбелеріне қатқан сүңілерді алып тастауға жауапты дейді. Ал, ақтөбеліктерге ғимараттардың маңында абай болып, қауіпті аумақтарды айналып өтуді ұсынады.Количество показов: 6
Дата создания: 19.02.2026 09:27:05



















