Қаламыздағы Ғ.Жұбанова көшесіндегі жол құрылысы жұмыстары жалғасуда
Ғазиза Жұбанова көшесіндегі жол құрылысы жұмыстары қайта жаңғыра бастады. Жоба 2024 жылдың соңында басталып, былтыр жолдың негізі толық дайындалып, асфальт-бетон жабынының екі қабаты төселіп, жарықшамдар орнаталды. Қазір жаяу жүргіншілер жолы, велосипедке арналған жолақтар мен арықтар салынуда. Бүгінде бұл көшеде 2,8 шақырымды құрайтын көшеде ауқымды жұмыстар жүрігізілуде. Медігер компания шілде айында жолдың соңғы қабатын төсеуді бастайды. Жұмысқа 20- дан астам арнайы техника, 40-қа тарта адам жұмылдырылған. Бұл көше- алдағы уақытта футбол стадионы, драма театры, спорт кешені, заманауи ойын-сауық орталықтары мен қонақүйлер орналасатын Алтын Орданың басты көшесіне айналмақ. Аталған көшедегі жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс,-, дейді жауаптылар. Бұдан бөлек, биыл Әбілқайыр хан даңғылы мен Маресьев көшесінің жоғарғы қабатын полимерлі қиыршықтас-мастикалық асфальтбетоннан төсеу жоспарлануда. Бұл технология жолдың беріктігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік бермек,- дейді олар.Количество показов: 11
Дата создания: 01.07.2026 07:51:35



















