Ғалым Марат Оспановты еске алу шарасы өтті
Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін іс-шара Марат Оспановтың мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Университет әкімшілігі мен ұстаздар қайраткердің рухына тағзым етіп, университет ректоры Талғар Әбілов сөз сөйлеп, Марат Оспановтың өмірі мен ел дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Ал оқу орнының мұражай қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырып, студенттерге қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты құнды мәліметтерді таныстырды. Шараның екінші бөлімі "Ұстаз. Саясаткер. Ғалым" атты ашық тәрбие сағатымен жалғасты. Кездесуге медицина мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Тәрбие сағатында студенттерге Марат Оспановтың өмір жолы, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы айтылды. Сондай-ақ оның еліміздің тәуелсіз дамуы мен егемен мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесі кеңінен таныстырылды. Жиын соңында Марат Оспанов туралы деректі фильм көрсетіліп, оның жұбайы Бақытгүл Оспанованың құттықтау сөзі тыңдалды. Шара жас ұрпаққа Марат Оспановтың өмірі мен елге сіңірген еңбегін танытып, оның өнегелі жолын насихаттауға бағытталған.Количество показов: 12
Дата создания: 18.09.2026 09:19:33



















