Аймақта қызылша мен көкжөтел ауруларын жұқтырғандар саны артты
Бүгінде өңірде қызылша ауруы күрт өсіп отыр. Жыл басынан бері 242 жағдай тіркелген. Оның басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 32 болған. Яғни аурушыңдық көрсеткіші 7,5 есеге артып отыр. Мамандардың айтуынша, науқастардың 90 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Оның ішінде екпе жасына жетпеген, екпеден бас тартқан ата-аналардың балалары бар. Ауру әсіресе 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерде көп кездескен. Дені - балабақшаға бармайтындар. Өңірде қызылша ауруының ең көп жағдайы облыс орталығында тіркелген. Ал, көкжөтел 9 баладан анықталған. Олардың 80 пайызы екпе алмаған. Сондай-ақ сәуір айынан бастап соңғы бес жылда алғаш рет эпидемиялық паротит ауруы тіркеліпті. Қазірдің өзінде 5 науқас жұқтырған. Эпидемиологтар бұл аурудың асқынуы қауіпті дейді. Жалпы қызылша, көкжөтел және паротит вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулар. Сол себепті мамандар вакцинациялауға уақытылы баруға кеңес береді. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мамандардың бақылауында.Количество показов: 10
Дата создания: 16.04.2026 06:36:57



















