«Азимут-2026» қалалық жарысы өтті
Қалада жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлаудан «Азимут-2026» қалалық жарысы өтті. Шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ аумағында өткен жарысқа қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 130-ға жуық оқушысы қатысты. Қатысушылар карта мен компастың көмегімен белгіленген нүктелерді тауып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс жеке есепте, жас ерекшеліктеріне қарай ұлдар мен қыздар арасында өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық бағдарлауды дамыту және оқушылардың тәжірибесін арттыру. Қатысушылар спортпен айналысқанды ұнататындарын, осы сынды түрлі сайыстарға жиі қатысатындарын жеткізді. Айта кетейік, сайыс барысында қатысушылардың жылдамдығы ғана емес, бағытты дұрыс анықтау қабілеті де сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, марапатталды.Количество показов: 6
Дата создания: 22.04.2026 03:40:42



















