Бүгін халықаралық балықшы күні
Бүгін халықаралық балықшылар күні аталып өтуде. Айтулы датаға орай орталық базардағы балық саудасын бағамдап көрдік. Жаз мезгілінде балық бағаларында өзгеріс бар ма? Сөрелерде қандай өнімдер ұсынылған, сатып алушылардың көбіне қандай балыққ түрін таңдайды? Балық - денсаулыққа пайдалы, дәруменге толы тағамдардың бірі. Маусымына сай қала базарларындағы балық саудасы қыза түскен. Сатушылардың айтуынша, әзірге балық бағасы өзгермеген. Жаз маусымы балық аулау үшін қолайлы мезгіл. Бағаның көтерілуі көбіне қыс мезігілінде болады, дейді саудагер. Сөрелерде Арал мен Ырғыздан, сондай-ақ Ресейден жеткізілген балықтармен қатар жергілікті өнімдер де сатылып жатыр. Саудагердің сөзінше, барлығы арнайы іріктеуден өтіп, тұтынушыға балғын күйінде ұсынылады. Сатып алушылардың басым бөлігі сазан балығын таңдауда. Оның келісі бүгінде 1500-2000 теңге аралығында. сатылып жатыр. Сатып алушылар болса, балықты дастарханымыздан үзбейміз. Себебі балық- жесең жеңіл, дәмдә, әрі түрлі дәруменге бай. Тек базардан ғана өзіңе ұнаған, балғын балықты таңдап ала аласың. Біз мұнда үнемі келіп тұрамыз, ал балықты ас үйімізде аптасына кем дегенде екі рет қолданамыз,- дейді олар.Количество показов: 24
Дата создания: 30.06.2026 08:05:27



















