Балабақша тәрбиеленушілері түрлі мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жүр
Шаһардағы «Думан» балабақшасында кішкентай аспаздар, тігіншілер мен шеберлер тәрбиеленіп жатыр. Олар бақшадағы "Жас шеберлер" шеберханасында түрлі мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жүр. Бүлдіршіндерді бала жастан еңбекке баулуға мұнда толық жағдай жасалған. Сабақ барысында балалар аспаздық пен тігін өнерінің қарапайым тәсілдерін меңгеріп, өз қолдарымен шағын бұйымдар әзірлейді. Ал ұл балалар ағаш өңдеудің бастапқы дағдыларын игеріп, қарапайым құралдармен жұмыс істеуді үйренуде. Тәрбиешілердің айтуынша, мұндай тәжірибелік жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулиды. Мұндай бастамалар арқылы бүлдіршіндер еңбекке қызығушылық танытып, өз күшіне деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, қол еңбегі арқылы олардың шығармашылық ойлау қабілеті дамиды дейді Гүлнұр Мамырова.Количество показов: 9
Дата создания: 18.02.2026 07:29:45



















