Биыл 164 мың гектар жер телімі қайта айналымға шығарылады
Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының маманы мәлімдеді. 2022–2025 жылдар аралығында өңірде жалпы көлемі 1 миллион 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 1 миллион 92 мың гектары қайта айналымға енгізіліп, шенділер қалған 164 мың гектар жерді биыл маусымға дейін айналымға қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген тексеру барысында 497 мың гектардан астам аумақта бақылау жүргізілгне. Нәтижесінде 500 мың гектарға жуық жерде заң бұзушылықтар анықталыпты. Маманның сөзінше, коммерциялық мақсатта аукцион арқылы 110 мың гектардан көп жер сатылған. Мемлекет қазынасына 566,2 миллион теңге түсті. Ал былтыр облыс бюджетіне түскен жер салығының көлемі 468,6 миллион теңгені құраған. Пайдаланылмаған жерлерді қайтару нәтижесінде жайылым тапшылығы бар бірқатар аудандарда оң өзгерістер байқалып жатыр, дейді Әділбек Қабидуллин. 2024 жылы аймақта жайылым тапшылығы 97 мың гектарды құраған. Қазір бұл көрсеткіш 76,4 мың гектарға дейін азайыпты. Жер қатынастары басқармасының айтуынша, қала аумағында жайылым мәселесі толықтай шешілді.Количество показов: 43
Дата создания: 10.01.2026 07:24:45



















