Биыл 49 мың тонна дәнді-дақылдар тұқымы қажет
Облысымызда көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Өңір бойынша 49 мың тонна ауыл шаруашылығы қажет болса, бүгінде оның 98 пайызы қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда тұқым сапасы сарапталуда. Егіс науқанын сапалы өткізу үшін, ауыл шаруашылығы құрылымына дизель отыны бөлінген. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған жанармайдың бағасы литріне 275 теңгені құрап отыр. Мамандардың айтуынша, бөлінген көлем, егіс жұмыстарын толық жүргізуге жеткілікті. Сонымен қатар техниканың дайындығыда басты назарда екенін алға тартты. Бүгінде техника дайындығы орта есеппен 98 пайызды құрап отыр. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жауапты мамандардың сөзінше, барлық дайындық шаралары дер кезінде аяқталып, көктемгі егіс науқаны белгіленген мерзімде өтеді деп күтілуде.Количество показов: 6
Дата создания: 22.04.2026 03:37:01



















