Биыл пітір садақа мөлшері 2 келі ұн құнымен тең
Ақпан айының 19-ынан бастап мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтаны Рамазанда мұсылмандар бір ай бойы ораза тұтады. Биыл ораза 29 күнге созылып, наурыздың 19-ына дейін жалғасады. Рамазан - тек таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден тыйылу емес, адамның өзін-өзі тәрбиелейтін, нәпсісін тізгіндейтін, жүрегін тазартатын ай, дейді облыстың бас имамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелген. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Дін мамандарының айтуынша, пітір садақа әрбір мұсылман үшін міндетті садақа. Ол мұқтаж жандарға беріліп, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлықты арттыруға бағытталған. Наурыз айының 16сынан 17сіне қараған түн - қасиетті Қадір түні. Мешіттерде тарауық намазы оқылып, ауызашар дастархандары жайылады. Ал 20-наурыз Ораза айт мерекесі болып белгіленді. Көпшілік бұл айды тек құлшылықпен емес, адамгершілік қасиеттерін арттыру мүмкіндігі ретінде қабылдайды.Количество показов: 13
Дата создания: 13.02.2026 05:43:08



















