Былтыр мәдениет саласына 15 млрд теңге бөлінген
Аймақта мәдениет және өнер ұйымдарының саны қазір 500-ге жуық. Оның 45-і облыстық мәдениет басқармасына қарайды. Бұл туралы бүгін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы мәлім етті. Ал былтыр өңірдегі мәдениет саласы қарқынды дамыған. Жыл мазмұнды жобалармен және кең ауқымды шаралармен ерекшеленді, дейді Алтынай Юнисова. Өткен жылы мәдениет саласына 15 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге, шығармашылық ұжымдарды дамытуға, музейлер, кітапханалар мен театрлардың жұмысына, сондай-ақ өңірдің мәдени инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған. Басшының сөзінше, жыл бойы облыс көлемінде халықтың мәдени сұранысын қанағаттандырып, өңірдің өзіндік болмысын танытатын түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылыпты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 31 мыңнан астам мәдени шара өтіп, оған 2 миллион 780 мыңнан астам көрермен қатысқан. Өңірде өтетін мәдени жобалар мазмұндық тұрғыда әр алуандығымен ерекшеленіп, Ақтөбенің мәдени брендіне айналған республикалық және халықаралық деңгейде жоғары бағаланған имидждік іс-шаралармен толықты.Количество показов: 8
Дата создания: 18.02.2026 07:23:14



















