Дәрігерлер туберкулез ауруының алдын алу жолдарын айтты
Туберкулез - ауа-тамшы жолымен таралатын жұқпалы ауру. Ол көбіне өкпені зақымдайды. Дәрігерлердің айтуынша, екі аптадан ұзаққа созылған жөтел - аурудың алғашқы белгілерінің бірі. Сонымен қатар дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту да туберкулездің негізгі симптомдарына жатады. Мамандар аурудың алдын алуда вакцинация мен тұрақты медициналық тексерудің маңызы зор екенін айтады. Балаларға БЦЖ екпесін уақытылы салдыру, ересектердің жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуі - дертті ерте анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу және иммунитетті нығайту да ауру қаупін азайтады, дейді мамандар. Дәрігерлердің сөзінше, туберкулез - ерте анықталса толық емделетін дерт. Сондықтан ұзаққа созылған жөтел немесе өзге де күмәнді белгілер байқалса, уақыт жоғалтпай дәрігерге қаралу қажет.Количество показов: 11
Дата создания: 03.07.2026 07:35:02



















