Депутаттар Ата Заңның жаңа жобасын түсіндіріп жүр
Конституцияның жаңа жобасы аясында елімізде 15 мыңнан астам шара ұйымдастырылған. Оның көп бөлігі халықтың ұсыныстарын тыңдау мен жаңа Ата Заңды талдап, түсіндіру жұмыстары. Бүгін де коалиция мүшелері өңірдегі бірқатар мекеме жұмысшыларымен кездесті. Солардың бірі - "ҚазақГазАймақ" АҚ қызметкерлері. Қазіргі уақытта ұсынылған жоба қоғамның кең талқылауында. Сондықтан сарапшылар да өз пікірлерін білдіріп, құжаттың ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп жүр. Коалиция мүшелерінің айтуынша, жаңа Ата Заңда тілден бастап, білім-ғылымдағы өзгерістер, тәрбие, неке туралы нақты ұғымдар, дін мен мемлекеттің ара жігін ажырататын сұрақтардың барлығы қаралды. Алғаш қарағанда жаңартулар құрғақ заңдық тұжырымдар сияқты көрінуі мүмкін. Алайда олардың негізінде еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын айқындайтын құндылықтар мен қағидаттар жатыр. Бұл негіздер мемлекеттің одан әрі дамуына және азаматтардың бірлігін нығайтуға көзделген,- дейді олар.Количество показов: 6
Дата создания: 19.02.2026 09:30:21



















