Газ саласы мамандары арасында "Үздік маман-2026" кәсіби шеберлік байқауы басталды
Шаһарда "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамының "Үздік маман-2026" республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр. Сайысқа компанияның өндірістік филиалдарында өткен өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары қатысуда. Байқауға барлығы 56 маман қатысып, бес кәсіби бағыт бойынша бақ сынауда. Сайыс барысында қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. "Үздік маман" байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы кәсіби шеберлік сайысы былтыр Ақтөбе өндірістік филиалында ұйымдастырылды. Бөлімшеде 653 қызметкер еңбек етеді. Нысандағы газ тарату желілерінің ұзындығы 5 мың 800 шақырымға жуық. Филиал 267 мыңнан астам халық тұтынушысына және 6 мыңнан астам заңды тұлғаға қызмет көрсетеді."QazaqGaz Aimaq" еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладағы тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етеді. Компанияның газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 77 мың шақырымды құрайды. Байқау қорытындысы бойынша кәсіби шеберлігімен ерекшеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
Количество показов: 14
Дата создания: 17.09.2026 09:26:20



















