Әлеуметтік нысандарға жылу беру аяқталады
Өңірде жылу маусымы кезең-кезеңімен аяқталып, келесі қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталады. 28 сәуірден бастап қаладағы әлеуметтік нысандарда, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде және медициналық мекемелерде жылу беру маусымы ресми түрде аяқталады. Осыған байланысты қалада жылу құбырларына жоспарлы жөндеу жұмыстары басталмақ. Ал 18-22 мамыр аралығында қала бойынша жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл сынақтардың негізгі мақсаты - жылу желілеріндегі әлсіз тұстарды анықтау. Нәтижесінде ақаулар дер кезінде жөнделіп, келесі жылу маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, биыл қалада 18 нысан бойынша күрделі және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған. Бұл шаралар жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Мамандар тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызын ескеруді сұрайды.Количество показов: 12
Дата создания: 25.04.2026 06:39:35



















