Мамандар кәсіпкерлерге кеңес берді
Өңірде шағын және орта бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу шарасы өтті. Кездесу барысында бизнесті әрі қарай дамыту, филиал ашу, бизнес процестерді дұрыс әрі тиімді құру жолдары түсіндірілді. Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Гүлмира Майғаринаның сөзінше, бұл шарада жергілікті брендтен ұлттық брендке өсу жолына көңіл бөлінді. Сонымен қатар кәсіп иелерін қолдау мақсатында арнайы конкурс та ұйымдастырылған. Аталған конкурс аясында былтыр "ҚазБренд" атты ұлттық жобаға 1 100 адам қатысып, 4 кәсіпкермен жеке жұмыс жасалған. Кездесуге келген кәсіпкерлердің бірі - Гүлназ Мустахимова. Ол - көпбалалы ана, күміс алқа иегері. Осыдан 3-4 жыл бұрын балалардың тәрбиесімен айналысса, қазіргі уақытта сол кезде келген ой оның табысына айналып отыр. Жеке кәсіпкердің айтуынша, шырындарыдың ішінде табиғи өнімдер аз, сол себептен ол табиғи апельсин шырынын жасауды қолға алып, кейін оны кәсібіне айналдырған. Ал жеке ісін бастамас бұрын тігін шаруашылығымен айналысып, денсаулығына байланысты тоқтатуға мәжбүр болыпты. Табиғи шырын кәсібінің иесі өнімінің с витаминіне толы екенін айтып, көпбалалы аналар мен балалардың денсаулығына пайдасын атап өтті. Бүгінгі кездесудің маңызы бастамашыл кәсіпкерлер үшін құнды инсайттармен бөлісу болды. Жоба Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асты.Количество показов: 46
Дата создания: 15.04.2026 07:00:54



















