Мейіргерлер біліктіліктерін арттырды
Мейіргер ауруханаға түскен науқасқа диагноз қоя алады ма? Мейіргер ресми дәрігерлік диагноз қоя алмайды, бірақ еліміздегі жаңа ережелер бойынша, жоғары білімді немесе кеңейтілген құзыреті бар мейіргерлер тек - мейіргерлік диагноз қойып, ем-дом жүргізе алады. Олар нақты дертті анықтамайды, тек науқастың физикалық жай-күйіне баға беріп, күтім жоспарын жасайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - кеңейтілген тәжірибесі бар мейіргерлер мен мейіргер ісі мамандарының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, медициналық құжаттаманы жүргізу, рәсімдеу және талдау бойынша қолданыстағы нормативтік талаптар мен медициналық көмектің сапа стандарттарына сәйкес білімдері мен дағдыларын жетілдіру. Семинарға облыстық,қалалық, аудандық медициналық мекемелерден 120-ға жуық мейіргерлері қатысты. Олар шара барысында әр түрлі жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде медициналық құжаттаманы дұрыс және уақтылы жүргізу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруды игеріп, ситуациялық тапсырмаларды орындады. Кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.Количество показов: 7
Дата создания: 14.02.2026 07:36:08



















