"Нашақор өмірімді құртты"
"Нашақор өмірімді құртты". Осылай деп шаһардағы Шәйкенов көшесінің тұрғыны Дана Жұмағұлова редакциямыз келіп шағымданды. Әйел мүгедектігі бар анасымен бірге 5 жылдан бері ұйқысыз түндерін өткізіп жатыр. Түнгі сағат 22.00-де жоғары қабаттағы көршісі күн сайын, үздіксіз айқай-шу шығарады екен. Тыныштығы бұзылған отбасы 4 жылдан бері тәртіп сақшыларынан да, прокурорлардан да көмек сұрап келеді. Алайда, бәрі әрекетсіздік танытып отыр деп налиды. Шәйкенов көшесіндегі №21 көп қабатты тұрғын үйдің тұрғыны Дана Жұмағұлованың пәтеріне көшіп келгелі тыныштығы бұзылған. Күн сайынғы, үздіксіз шудан шаршағанына бақандай 5 жыл болыпты. Дана 3-топ мүгедектігі бар анасымен бірге тұрады. Жоғары қабатта тұратын көршісі, 49 жастағы көршісі түнге жақын шу шығарып, көршілерінің берекесін қашырып келеді. Кесірлі көрші үшін Дана Жұмағұлова күн сайын тәртіп сақшыларын шақырады. Ер адамды көршілері сотқа да берген. Бірақ нәтиже жоқ. Көршілерінің бірнеше жыл бойы мазасын қашырған тұрғынмен біз де тілдесуге тырыстық. Бірақ пәтер ішінде адам болғанымен, ешкім шықпады. Көп қабатты тұрғын үйдің өзге де тұрғындарының пікірін білдік. Олар аса қатты шуды естімейміз деп отыр. Ал, Сазды полиция бөлімшесінің қызметкерлері Дана Жұмағұлованың үнемі көршісіне шағымданатынын растады. Бірақ әйелдің мазасын алып жүрген ер адам нашақор емес, маскүнем дейді. Есепке алынған. Шағым түскен сайын тәртіп сақшылары тек өзгенің тыныштығын бұзғаны үшін ғана айыппұл салып кетеді. СЕбебі, наркологиялық диспансер қабылдаудан бас тартып отыр. Емдеу орталығына қабылдауға негіз жоқ деп сондағы мамандар бірнеше рет кейін қайтарған. Тентек көршіні үй тұрғыны да, құқық қорғаушылар да қалай тезге саларын білмей дал.Количество показов: 55
Дата создания: 06.01.2026 01:33:13



















