Новаторов көшесінде су құбырын өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Новаторов көшесінде көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселенің бірі жол жағдайы. Жаңбыр жауған сайын көше батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындық туғызады. Қазір бұл көшеде су құбырларын жаңарту жұмыстары басталған. Қаламыздағы Новаторов көшесінің тұрғындары жаңбыр жауған сайын жол мәселесін көтеріп келеді. Айтуларынша, жауын-шашын басталысымен көше ми батпаққа айналып, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына қиындық туғызады. Тұрғындар көшеге асфальт төселіп, бұл мәселе өз шешімін тапса дейді. Алайда қазір бұл көшеде «Su Energy Group» компаниясы су құбырларын жаңарту жұмыстарын бастап кеткен. Мамандардың айтуынша, қолданыстағы құбырлардың тозығы жетіп, жиі жарылатын болған. Сондықтан ескі желілер толық ауыстырылып жатыр. Мердігер ұйым өкілдері бұған дейін көршілес көшеде де осындай жұмыстар жүргізілгйтады. Ол жерде құбырлар ауыстырылғаннан кейін жолға асфальт төселген. Сондықтан Новаторов көшесінің тұрғындары да бұл жолы көше толық жөнделеді деп үміттенеді. Мамандардың мәліметінше, су құбырларын ауыстыру жұмыстары шамамен бір ай көлемінде аяқталуы тиіс. Қазылған жерлерді, қайта қалпына келтіріп кетеміз,- деп сендірді жауапты өкіл.Количество показов: 24
Дата создания: 30.06.2026 08:03:21



















