Қоғам белсенділері малтатасына қатысты мәселені қайта көтерді
Малта тасы қаншалықты зиян? Жол құрылысына пайдаланып жатқан материалдардың қауіпсіздігіне қатысты қоғам белсенділері мәселе көтерді. Олардың айтуынша, өзеннен алынған малта тас пен құм-қиыршық қоспасының алынған жері мен зертханалық сараптамасы ашық көрсетілуі тиіс.Бұл - Маресьева 4г мекен-жайының бойында жиналған жол құрылысына арналған материал. Маресьева көшесінің бойында салынғалы жатқан тротуардың құрылысына пайдаланғалы жатқан материалдардың тасымалданған орны мен қауіпсіздігіне қатысты экологиялық сұрақтар туындады. Қоғам белсендісі үшін бұл өзен тастары мен құм-қиыршық қоспасына қатысты мәселе туған. Бұл жерде екі түрлі материал жиналған. Бірі - ұсақ фракциялы таза өзен малта тасы. Оның айтуынша, бұл материал өзен жағалауларынан немесе бұрынғы өзен арналарына жақын жерлерден алынуы мүмкін. Ал екінішісі - құм-қиыршық тас қоспасы. Құм-қиыршық қоспасының су әсерінен шайылып, жол жабындысының беріктігіне кері әсер етуі мүмкін екені айтылды. Мамандар табиғи ресурстарды пайдалану кезінде экологиялық талаптардың қатаң сақталуын және құрылысқа қолданылатын материалдардың қауіпсіздігіне жан-жақты бақылау жүргізуді ұсынады. Мамандардың пікірінше, өзен малтатасы табиғи сүзгі қызметін атқарып, судың тазалығын сақтауға ықпал етеді. Ал оны көп көлемде өндіру өзен экожүйесіне әсер етіп, жағалаулардың бұзылуына әкелуі ықтимал. Александр Мандрыкин осы мәселеге қатысты нақты шара жүргізіліп, зертханалық талдаудың жүргізілгенін сұрайды. Сарапшылар тағы бір маңызды мәселеге назар аударды. Олардың айтуынша, құрылыс материалдары толық зертханалық тексерістен өтіп, құрамында алты валентті хром, бор немесе басқа да зиянды заттардың жоқтығы дәлелденуі тиіс. Осыған байланысты белсенділер пайдаланылып жатқан материалдардың қай жерден алынғаны және олардың қауіпсіздігі жөніндегі құжаттарды жариялауды сұрайды.
Количество показов: 10
Дата создания: 02.07.2026 08:04:43



















