Оқушылар табиғатпен етене танысты
Бүгін оқушыларға табиғатпен және ондағы тірішілікпен етене танысуға үлкен мүмкіндік туды. "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Халықаралық табиғатты қорғауға бағытталған шара өтті. Экологиялық акция барысында қорықтар мен ұлттық парктерді сақтаудың маңызы, қоршаған ортаны аялау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың маңызы түсіндірілді. "Парктер шеруі - 2026" атты шараның негізгі мақсаты - балаларға табиғат адам өмірімен байланысты жаратылыс екендігін түсіндіру және табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Бүгінгі акция аясында биоалуантүрлілікті сақтау бойынша презентация көрсетіліп, арнайы көрме жасалды. Оқушылар "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының тарихы туралы ақпарат алып, жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысуға ынтасын көрсетті. Табиғи резерватының 2007 жылы 14 ақпанда негізі қаланған. Осындай шараларды 2008 жылдан бастап өткізіп келеді. Ашылған мезетте көлемі 763 мың 549 гектарды құраса, 2016 жылы 409 мың гектарға ұлғайтылған.Количество показов: 10
Дата создания: 17.04.2026 06:52:56



















