Облыс бойынша егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр
Облыста диқандар үшін егін науқанының нақ қызған шағы. Ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланған шаруалар алқаптағы жұмыстарды жалғастыруда. Әзірге 348 мың шақырым алқаптан дәнді дақыл жиналған. Қоймаларға 466 мың тонна астық құйылды. Егін жинау жұмыстарының қарқынына қажетті техниканың жеткілікті болуы да әсер етіп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылықтар қажетті техникамен толық қамтамасыз етілгенін айтады. Сонымен қатар, науқан кезінде ең қажетті ресурстардың бірі дизель отыны бойынша да тапшылық жоқ. Жиналған астықты сақтау мәселесі де бақылауда. Қазір облыс элеваторларында 120 мың тонна астық сақтаулы. Бұл жалпы сақтау сыйымдылығының шамамен 30 пайызы. Астық қабылдайтын кәсіпорындарда өнімді кептіруге арналған қондырғылар да дайын. Астық қабылдау кәсіпорындары дизель және газ отынымен жұмыс істейтін астық кептіргіштермен қамтылған. Мамандардың айтуынша, бұл жиналған өнімді уақытылы қабылдап, сапасын сақтауға мүмкіндік береді.Количество показов: 27
Дата создания: 19.09.2026 09:50:33



















