Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары 96 пайызға орындалған
Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізіледі. Қазір дайындық 96 пайызға орындалған. Осы бағытта жаңарту, жаңғырту жұмыстары іске асып жатыр. 2023-2027 жылдарға жылу электр бекетін жаңғыртуға 28 миллиард теңге бөлінген. 5 жылдық инвестициялық бағдарлама аясында ағымдағы жылы бекітілген қаржы көлемінен 9 миллиард теңгеге жұмыстар атқарылған. Жылу электр бекетінде өндірістік процестер арнайы экраннан көрсетіледі. Мұнда қысым, су шығыны және басқа да жұмыстар тұрақты бақыланады. Ол жердегі ақпарат жаңарып тұрады, дейді бас инженер маман. Электронды жұмыс процесі мәселе туындаған жағдайда алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құбырлардың техникалық жай-күйі, металлдың тозу деңгейі тұрақты тексеріледі. Технология бойынша құбырлардың қызмет ету мерзімі шамамен 20 жылға есептелген. Алайда кейбір ескі құбырларда желіну белгілері байқалыпты. Яғни құбыр бетінде нүктелік зақымданулар пайда болып, кей жерлерде тесіктер анықталған. Осыған байланысты тозған құбырлар толық ауыстырылған. Ал отын қоры үшін екі газ құбыры орнатылған. Шаһарда жылыту маусымын іске қосу 15 қазаннан басталады. Ауа райының суытуына байланысты әлеуметтік нысандарға жылу кезең-кезеңімен беріледі. Алдымен бөбекжайлар, мектептерге жылу қосылады. Өңір бойынша жалпы 633 қазандық бар. Оның ішіне әлеуметтік орындардағы шағын қазандықтар да кіреді. Қазіргі таңда қазандықтар мен жылу желілерінің техникалық жағдайы тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген.Количество показов: 16
Дата создания: 17.09.2026 09:22:21



















