Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіс науқаны, су қоры жайлы ақпарат берді
Облыста биылғы вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өтуде. Жауын-шашын мөлшерінің мол болуы егістіктің өсуіне оң әсер етіп, су қоймаларында да жеткілікті қор жиналған. Ал облыс бойынша көктемгі егіс науқаны агротехникалық талаптарға сай уақытылы аяқталып, ауыл шаруашылығы дақылдары 603,7 мың гектар алқапқа егілген. Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 603,7 мың гектар алқапқа егілген. Вегетациялық кезең қолайлы агрометеорологиялық жағдайда өтіпті. Егіншілікке ауа райы қолайлы болып, егістіктің өсіп-өнуіне табиғи факторлар оң әсерін тигізген. Суармалы су жеткілікті мөлшерде болған. Мамандардың айтуынша, биылғы маусымның басты ерекшелігі - жауын-шашын мөлшерінің нормадан едәуір жоғары болуы. Соның нәтижесінде топырақтағы ылғал қоры жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Қазіргі таңда егістіктердің басым бөлігі қалыпты дамып келеді, дейді мамандар. Вегетациялық кезеңді сумен қамтамасыз ету үшін де су қоймаларында жеткілікті қор жиналған. Мамандардың мәліметінше, шаруаларға су беру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ облыстың негізгі өзендері - Елек, Қобда, Ойыл, Сағыз және Ор, Қарғалы өзендері арқылы да суарулар жүргізілуде. Ал ылғалдың мол болуына байланысты арамшөптерге, өсімдік аурулары мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілген.Количество показов: 9
Дата создания: 02.07.2026 07:59:18



















