ҚР Парламенті Сенатының депутаты жастармен кездесті
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихпен кездесуге өңірдің 70-тен аса жасты қамтитын еңбек жасақтары келді. Қазіргі уақытта белсенді жастар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында өңірді абаттандырып, айналаны тазарту жұмыстарын жаслғастырып келеді. Облыстық "Жасыл ел" штаб төрағасының айтуынша, еңбек жастары абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс жұмыстарымен айналысады. Жоба жыл сайын кеңеюде. Биыл қатысушылар 160-190 мың теңге көлемінде жалақы алады. Жасақ жауынгерлері тек еңбек етіп қана қоймай, қыс айларында қар тазалап, жазда қарттарға көмек көрсетеді. Сенат депутаты Геннадий Шиповскихпен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Депутат 2016 жылдан бері Парламент қабырғаларында қызмет атқарып келеді. Оның айтуынша, сапалы заң жақсы ұсыныстардан тұрады. Сондықтан ол жастардан еркін түрде сұрақ қоюды сұрады. "Әрбір елдің өз ерекшелігі мен әлеуметтік көрінісі болады" дейді ол. Сол себептен бұл кездесу жастар үшін де, өңір үшін де маңызды. Жобаға жұмыссыз жастар, студенттер және жоғары сынып оқушылары тартылған. Енді студенттік құрылыс отрядтары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыстары маусымдық емес, жыл бойы жалғасады. "Жасыл ел" жастарының бірі - ALT колледжінің студенті Айзебек Әбілқасым. Оның жауынгер атанғанына 1 ай болған. "Жасақ қатарында болу - еңбек етіп, жұмысқа бейімделуі үшін берілген үлкен мүмкіндік" дейді. Осыған дейін еріктілер қарттар үйлері мен әлеуметтік нысандарда тазалық жұмыстарын жүргізген. Жаз мезгілінде жастар Елек, Қарғалы өзендері мен Ақтөбе су қоймасының жағалауларын қоқыстан тазартуды жоспарлап отыр.Количество показов: 33
Дата создания: 25.04.2026 06:37:16



















