Шаһар басшысы тұрғындармен кездесті
Шаһар басшысы Азамат Бекет бүгін Астана ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиын ашық форматта өтті. Көпшілікке алдымен Астана ауданының әкімі Баянбек Қырықбаев 2025 жылдың қарашасынан бергі атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарымен бөлісті. Былтыр ауданда 6 Келекшек мектебінің құрылысы басталып, оның үшеуі жаңа оқу жылдында берілді. Тағы екі мектептің құрылысы аяқталды, дейді аудан басшысы. Одан бөлек, бірқатар жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылған. Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе, су тапшылығы, жарықтың жеткіліксіздігі және жол сапасына қатысты сауалдар қойылды. Атап айтсақ, "Бауырластар" елді мекенінде жарық жиі өшеді дейді тұрғындар. Оңтүстік Батыс-2 тұрғын алабын мекендеушілер саны 10 мыңнан асып кеткен. Ал, мұндағы жеке тұрғын үйлер орталықтандырылған кәріз жүйесіне әлі қосылмаған. Сапарбек Көбегенов бүгін ауылдастарын толғандырған мәселені көтерді. Айтуынша, тұрғын алаптың ортасымен Батыс-3 ықшам ауданына тартылған кәріз жүйесі өтіп жатыр. «Aqtobe su-energy group» АҚ өкілі Оңтүстік-Батыс 1,2 аудандарына кәріз жүйесін салу үшін кешенді жобалар салыну керек дейді. Мәселенің қашан шешілетіні белгісіз. Одан бөлек, Сапарбек Көбегенов биліктегілерден кең емхана салып беруді сұрады. Ал басшылық бұл жағдайдың ескерілетінін айтып, қаржы бөлінсе, емхана жұмысы іске асады деп сендірді. Астана ауданының билігі көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз дейді. Былтыр ТЖД бірге ең қауіпті 11 өткелді анықтаған. Нәтиженсінде Сазды, Думан, Жаңақоныс, Көкжиде, Оңтүстік-Батыс тұрғын алаптарында су бұру және Жіңішке өзені бойын нығайту, жағажайларды биіктеті жұмыстарын жүргізген. Алдағы кезеңде де суға кету қауіпі бар аймақтарды бітеп, құм төсеу жұмыстарымен айналысатын, арықтарды тазалайтын мердігер анықталған. Шаһарда қар шығару жұмыстары да басталған. Шанхай, Мәскеу аудандарында, Тұрғындар қалашығындағы ақ ұлпа бірінші шығарылады, дейді Баянбек Қырықбаев.Количество показов: 9
Дата создания: 19.02.2026 09:28:43



















