Шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Мүгедектігі бар азаматтар жәрмеңкеге қатысқан 12 мекеме мен кәсіпорын ұсынған жұмыс орындарымен танысты. Жалпы саны 36 бос жұмыс орны ұсынылып, олардың қатарына оператор, кассир, жүргізуші, электрик, есепші тағы да басқа мамандықтарды қамтыды. Жұмыс іздеп келушілер арасында 2-інші топтағы мүгедектігі бар азамат өзіне қолайлы жұмыс тапқанын жеткізді. 48 жастағы азаматтың айтуынша, ол 2001 жылы жұмыс барысында келеңсіз жағдайға ұшырап, соның салдарынан мүгедек болып қалған. Дегенмен "Жұмыс істеуге ешқандай қиындық болған жоқ. Жұмыс істегім келеді, үйреніп қалдым" - дейді ол. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында мемлекеттік грант иегері атанған 5 кәсіпкер өз өнімдерін таныстырды. Солардың бірі - жылқы шұжығы өнімімен айналысатын Сәлима Үсербаева. Ол кәсібін 2022 жылы бастаған. Үйінің жанындағы арнайы цех ашып, сол жерде табиғи, таза өнімдерін сатады. Әйел отбасымен ортақ кәсіпке айналғанын айтты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және оларды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған.Количество показов: 21
Дата создания: 18.04.2026 00:21:08



















