Шаһарда еліміздің үздік самбошылар анықталды
Спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 600-дей спортшы бақ сынады. Жарыс 21 сәуір бастауын алып, бүгін аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы чемпионат — соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі,- дейді. Байрақты бәсеке жасөспірімдер арасында самбоға деген қызығушылықты арттырып, өңірлердегі бәсекенің күшейгенін көрсетеді. Көптеген қатысушы үшін бұл — үлкен спорттағы алғашқы маңызды сынақ әрі өздерін республикалық деңгейде танытуға мүмкіндік береді,- дейді ұйымдастырушылар. Мейірбек Кәрібек жарысқа Жетісу облысынан келіп тұр. Жасы 15-те, колледж студенті. Самбомен айналысқанына он жылға жуықтапты. Спортқа алғаш рет жеті жасында досына еріп келгенін айтады. Өкінішке орай бүгін ол жеңіске қол жеткізбеді. Әйтсе де, жас спортшы "бұдан көңілім түскен жоқ. Жеңіс бар жерде, жеңіліс те бар" дейді. Дегенмен жеткіншектің жеңістері де жоқ емес. Өз өңірінің бірнеше мәрте облыс чемпионы атанып, республикалық турнирлердің жүлдегері атанған. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алады. Ал басқа да жақсы өнер көрсеткен спортшылардың жаттықтырушылар ойындарын бақылап, болашақ ұлттық құрама резервін қалыптастырмақ.Количество показов: 16
Дата создания: 24.04.2026 07:41:36



















