Шаһарда кітап апталығы басталды
23 сәуір - Кітапханашылар және Ұлттық кітап күні. Осыған орай С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап апталығының салтанатты ашылуы өтті. Мамандар мен оқуышылар бас қосқан шарада қолжазбалардың түр-түрі ұсынылған. Соның ішінде зиялы тұлғалардың, отандық және жергілікті жазушылар мен әлем әдебиетінің аударма басылымдары көрмеге қойылды. Сонымен қатар, жазушылардың арнайы қолтаңбасы қойылған, кітапханаға табысталған кітаптар да оқырмандар назарына ұсынылды. "Артық ғылым кітапта ..." атты апталық осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп, келушілердің кітапқа ықыласын арттыруға, рухани дәріптеуге бағытталған. Шараға қатысушы студентер жәрмеңкеден ұнаған кітаптарын да сатып алды. Бұл мүмкіндік Т.Ахтанов атындағы кітап дүкенінің қолдауымен жүзеге асты. Ал оқырмандар арасынан "Абай жолы" роман-эпопеясын іздеп келгендер де табылды. Аталған шара қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық тарих пен мәдениетті ұмыт қалдырмауға, қаламгерлердің мұрасын насихаттауға жол ашты.Количество показов: 10
Дата создания: 17.04.2026 06:50:40



















