Сотте шешімін таппаған жер телімі мәселесі
Қала тұрғыны сатып алған жер теліміне қатысты дауды шеше алмай жүргенін айтып, редакциямызға келді. Айтуынша, медиациялық келісім арқылы ол 2023 жылы жер сатып алып, үй салған. Алайда қуанышы көпке созылмай, ол жердің 2022 жылдан бастап арестте тұрғанын біледі. Салдарынан жаңа үй иесі мүлікті өз атына рәсімдей алмай жүргенін айтады. Жергілікті тұрғын Мақсот Махамбетов 2023 жылдың желтоқсан айында жер телімін сатып алғанын айтады. Бәрі заңды, нотариусқа барып, келісімшартқа отырып, жерді алдым, үйімді салдым- дейді ол. Алайда кейін, жер телімінің 2022 жылдан бері арестте тұрғаны белгілі болған. Айтуынша, жерді сатқан әйелдің банк алдындағы қарызына байланысты сот орындаушысы жер теліміне тыйым салған. Сатып алушы бұл туралы мәміле жасалған кезде хабарсыз болғанын жеткізді. Оның сөзінше, мәміле медиациялық келісім негізінде рәсімделген. Қазіргі таңда Мақсот Махамбет жерді өз атына рәсімдей алмай отыр. Себебі жердің бұрынғы иесіне қойылған қарыз заңды түрде жабылмаған. Осы мәселеге байланысты ол түш рет сотқа жүгініп, нәтижеге қол жеткізе алмағанын айтады. Тараптың айтуынша, ендігі мақсаты жер телімінің құқықтық мәртебесін реттеп, мүлікті заңды түрде өз атына рәсімдеу. Уәкілетті органдардан бұл мәселені шешіп берулерін сұрайды. Жауапсыз мамандардың қателігінен сергелдеңге салындым деп жан айқайын жеткізуде тұрғын.Количество показов: 7
Дата создания: 01.07.2026 07:47:23



















