«Теміржолда өзіңді сақта!»
Қаламызда "Теміржолда өзіңді сақта!" атты профилактикалық акция жалғасуда. Осы акцияның негізінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің ауласында арнайы кездесуі өтті. Теміржол бойындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жазатайым жағдайлардың алдын алу көзделген. Іс шараға №42 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оларға жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы сақтық шаралары көрсетілді. Мамандардың айтуынша, балалар арасында теміржол маңындағы қауіп-қатерді түсіндіру аса маңызды. Себебі көп жағдайда қайғылы жағдайлар қарапайым ережелерді сақтамаудан болады. Айта кетейік, "Теміржолда өзіңді сақта!" акциясы 14-17, 20-23 және 27-29 сәуір күндері аралығында өткізіледі. Осы уақыт ішінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қатаң бақылауға алынбақ. Мамандар тұрғындарды теміржол бойында аса мұқият болуға шақырады.Количество показов: 22
Дата создания: 18.04.2026 00:01:39



















