Зағип жандар арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтті
Зағип жандар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ұлттық ойын арқылы қатысушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсете аламыз дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бұл жарыс өңірде екінші рет өткізіліп отыр. Шараны "Ауыл" партиясының облыстық филиалы мен "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы бірлесіп қолға алған. Мамандар "қаржылай қолдау қажет" дейді. Қазіргі таңда демеушілерді мекеме өз бетінше іздеуге мәжбүр. Облыстық мәслихат жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері де бұл бағытта жұмыс жүргізуде. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғап, заң аясында мәселелерін шешуге ықпал етеді. Жарыс соңында қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды. Мамандардың айтуларынша, мұндай жарыстар спорттық бәсеке емес ерекше жандардың қоғам алдындағы орнын табуға мүмкіндік береді.Количество показов: 11
Дата создания: 25.04.2026 06:41:36



















