"Заң мен тәртіп" челленджі басталды
Өңірде "Заң мен тәртіп" челленджі №8 орта мектепте бастау алды. Шараға 200-ге жуық оқушы қатысып, арнайы ұйымдастырылған флешмобтарын өткізді. Челлендж өңірдегі басқа да мектептерге жолданды. Қатысушылар үйлесімді қозғалыс арқылы «Заң мен тәртіп» тақырыбы бойынша көріністерін қойып, мектеп ауласында символикалық жазу құрастырды. Флешмобқа Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі - көк Тудың элементтері енгізілді. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, заңға деген құрметті қалыптастыру - шараның мақсаты. Құқық қорғау органдарының мамандары алдағы уақытта мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірлесіп жұмыстар атқарылуы тиіс екенін жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, челлендж аясында оқушылар заң талаптарын сақтаудың маңызын түсініп, қоғамдық тәртіптің қоғам тұрақтылығының басты кепілі екенін ұғынды.Количество показов: 5
Дата создания: 23.04.2026 06:45:13



















