Жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып жатыр
Қалада кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған өндіріс орындары бар. Қала әкімі Азамат Бекет облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібековпен бірге мемлекеттік қолдау арқылы іске қосылған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Солардың бірі - кондитерлік цех пен дайын тағам шығаратын асүй фабрикасы. Кәсіпкерлік нысан «Даму» қоры арқылы субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алған. Мұнда дайын тағамдар, жартылай фабрикаттар, тәтті тоқаштар мен түрлі торттар өндіріледі. Өнімдер супермаркеттер мен азық-түлік дүкендерінде сатылады.Асүй фабрикасының толық қуатқа шығуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да мүмкіндік береді. Кәсіпорында 134 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс орны жылына 70 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Қала басшысы кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін алға тартты.
Количество показов: 6
Дата создания: 18.09.2026 09:18:04



















