Жол сызықтары қайта таңбаланып жатыр
Қала көшелерінде жол сызықтары қайта таңбаланып, жаяу жүргіншілер өткелдері ретке келтіріліп жатыр. Бұл - жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстардың бірі. Кейбір тұрғындар бұл жұмыстардың дер кезінде жүргізіліп жатқанын қолдады. Енді бірін жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі алаңдатады. Олар жолақтар уақытылы сызылмаса, жол көлік оқиғаларының туындау қаупі артады деп санайды. Сонымен қатар, жолақтардың болмауы кейбір жүргізушілердің жол ережесін сақтамауына, тіпті кез келген жерден кері бұрылуына себеп болуы мүмкін. "Жергілікті тұрғындарға бұл жағдай біршама таныс болғанымен, қалаға сырттан келгендер үшін қиындық туғызады" дейді ақтөбеліктер. Қазіргі таңда жол сызықтарын және жаяу жүргіншілер жолақтарын таңбалау жұмыстарын "Анес групп" серіктестігі жасап жатыр. "Ал шілде айынан бастап төзімділігі жоғары термопластиктен жол таңбаларын салу жоспарланып отыр" деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.Количество показов: 8
Дата создания: 21.04.2026 07:46:20



















