Жылқы жылы қандай болмақ?
Жылқы жылы – шығыс күнтізбесінде еркіндікке, қозғалысқа және батыл қадамдарға толы кезең ретінде сипатталады. Келер жылдың кейіпкерін ренжітіп алмас үшін, тұрғындар меркелік дастарханға жылқы етін қоймауға тырысады. Ас мәзірінде басқа да тағам түрлері көп болады, дейді ақтөбеліктер.Жаңа жылқы жылы жылдамдықты, еңбекқорлықты және табандылықты жаны сүйетін жандарға мол мүмкіндік әкеледі. Жылқы - күш пен сергектіктің символы болғандықтан, оның жылы да өмірімізге тың серпін беріп, тоқыраудан шығуға көмектеседі. Осы кезеңде белсенділік танытқан, мақсатына сенімді адамдар өз еңбегінің жемісін көре алады.
Ал мерекелік дастарханды қалай әзірлейміз? Жаңа жылдық дастархан мол әрі табиғи өнімдерге бай болғаны дұрыс. Көкөніс, жеміс-жидек, ет тағамдары, салаттар дастарханның сәнін арттырады. Дастарханды әсем безендіріп, қызыл немесе алтын түсті майлықтар қолдануға болады. Артық ішімдік пен ысыраптан аулақ болған жөн.
Тұрғындарымыздың көпшілігі жылқы етін дастарханға қоймаймыз дегенді айтады. Бұл жылы көбісі құс етіне басымдық берген. Үйрек, қазды пешке пісіріп, ыссы тағам ретінде қоямыз,- дейді олар.
Жылқы жылын қарсы алу – жаңа жылды сәтті бастап, береке мен ырысты шақырудың бір жолы. Шығыс дәстүріне сай Жылқы – еркіндікті, қозғалысты, тазалық пен еңбекті жақсы көретін жануар. Сондықтан бұл жылды қарсы алуда белсенділік пен шынайылыққа мән берген жөн. Жақсы ойлап, жақсы күнге сенген жөн. Ақтөбеліктер жақсы тілектерін жолдады.
Количество показов: 84
Дата создания: 05.01.2026 06:58:21



















