Ырғыз ауданында студент жігіт өзімен көрші тұратын 5 жасар баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды. Тереңнен шығарып қана қоймай, құтқарушылар жеткенше алғашқы көмек көрсетіп, баланың есін жиғызған. Бейбіт күннің батыры наградаға ұсынылады. Оқиға кеше түс қайта, төрттер шамасында болған. Ырғыз өзеніне адам батып бара жатыр деген хабар 101 пультіне 16 сағат 15 минутта түскен. Балаға көмекке құтқарушылардан бұрын сол маңға жақын жүрген жас жігіт жетті. Ол көршісінің 5 жасар немересін 2 метр тереңнен алып шыққан.
Бала қазір аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Емдеуші дәрігер оған суық тимегенін және жағдайы тұрақты екенін хабарлаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшылығы ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетіне 19 жастағы студент Нұржан Рашидті көрсеткен ерлігі үшін марапаттау туралы өтініш дайындап жатыр. Сондай-ақ, батыр жігіт білім алып жатқан Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-де оған "Жұбанов атындағы" шәкіртақы тағайындалады.
Количество показов: 1074
Дата создания: 22.04.2020 18:09:37
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>